Аргентина футбол федерациясы Бразилия құрамасымен жолдастық кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz.

Олар осы арқылы коронавирус кезінде туындаған қаржылық қиындықтарды сәл жеңілдетпекші.

Жолдастық кездесудің басты шарты - Лионель Месси мен Наймар сөзсіз алаңға шығуы керек. Аса танымал екі ойыншының арқасында кездесудің билет бағасы, трансляция құны және демеушілік табыс жоғары болады деп есептейді.

Матч 3-8 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, 2019 жылы қарашада қос команда жолдастық матч өткізген. Бірақ ол ойынға Неймар қатыса алған жоқ. Месси пенальтиден гол соғып, Аргентина жеңіске жеткен болатын.