25 шілдеде «Зенит» Ресей кубогын жеңіп алған болатын. Финалда петерборлық клуб подмосковьелік «Химкиді» 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Осы маусымда «Зенит» Ресей Премьер-лигасында топ жарып, ел Кубогын да иеленген. Осылайша, клуб алтын дубль жасады.

Көк-ақ-көгілдір түстілер тарихында екінші рет алтын дубльге қол жеткізіп отыр. Петерборлық клуб алғаш рет 2010 жылы Ресейдің басты екі турнирінде топ жарған болатын.

«Зенит» - Ресейде алтын дубль жасаған үшінші клуб. Бұған дейін мұндай жетістікке «Спартак» пен ЦСКА жеткен. Мәскеулік екі клубта да үш алтын дубльден бар.