Footy Headlines порталы туриндік «Ювентустің» келесі маусымда өз алаңында киетін жейдесінің суретін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Туриндік клубтың жаңа формасы дәстүр бойынша ақ-қара түсте жасалған. Жаңа жейденің жанында алтын түстес жолақ болады.

Шорты ақ түсте жасалған. Мұнда да алтыс түстес жолақ қосылған. Италиялық клубтың техникалық демеушісі - Adidas компаниясы.

«Ювентус» Италия чемпионатының 35-турынан кейін 80 ұпаймен көш бастап тұр. Енді клуб қалған үш турда үш ұпай жинаса, ел чемпионы атанады.