Англия Премьер-лигасының 36-туры аясында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Кристал Пэлас» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Қос голды Маркус Рэшфорд пен Антони Марсияль соқты.

Осылайша, «МЮ» 62 ұпай жинап, турнирлік кестеде 4-орында тұрған «Лестерді» қуып жетті.