«Реал Мадрид» футболшылары Испания чемпионатының 37-турындағы матчта «Вильярреалды» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мадридтік клуб құрамында Карим Бензема дубль авторы атанды. Қонақтар сапынан Висенте Иборра мергендік танытты.

Осы ойыннан кейін «Реал Мадрид» 86 ұпай жинап, чемпионат аяқталуға бір тур қалғанда екінші орындағы «Барселонадан» 7 ұпайға озып, ел біріншілігінде топ жарды.

Осылайша, «Реал Мадрид» өз тарихында 34-ші рет Испания чемпионатын жеңіп алды. Осы көрсеткіш бойынша клуб елдегі көшбасшы болып табылады.