Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне дайындық кезінде коронавируспен ауырғанын айтты.

– Оқу-жаттығу жиыны кезінде бәріміз ауырып шықтық. Қанша ауырсам да жаттығуды жібермеуге тырыстым, - деді Жалғас Жұмағұлов Arlan MMA Pro Team YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебютінде бразилиялық қарсыласына төрешілер шешімімен жол берген болатын.