Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың менеджері Саят Абдрахманов UFC 251 турнирінде жекпе-жек өткізген спортшылардың сыйақы мөлшерін айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.

– UFC-де дебютін өткізген спортшылардың барлығы 10 мың доллар көлемінде сыйақы алады. Ал жеңіске жетсе бұл сома екі еселенеді. Ғаламтор бетінде жарияланған сыйақы мөлшері шындыққа жанаспайды, – деді менеджер.

Бұған дейін Sportekz.com блогы UFC 251 турниріне қатысқан Жалғас Жұмағұлов бразилиялық Раулиан Пайваға қарсы кездесу үшін 12 мың доллар алған. Қарсыласының да сомасы сондай, бірақ Пайва салмағы шектеуден асып кетсек де, алатын ақшасының 20 пайызын Жұмағұловқа береді.

Еске салайық, қазақстандық уақытпен 12 шілдеде Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебютін өткізіп, бразилиялық қарсыласына төрешілер шешімімен жол берген болатын. Бірақ бұл шешім мамандар мен жанкүйерлерге ұнамаған, себебі көбі қазақстандық файтердің жеңгенін айтып жатыр.