Абу-Дабидегі (БАӘ) Яс аралында өткен UFC 251 турнирінің басты жекпе-жегінде Камару Усман Хорхе Масвидальді жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Нигериялық файтер бұл кездесуде төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, чемпиондық атағып қорғап қалды.

Назарларыңызға аталған жекпе-жектің үздік сәттерінен видеошолу ұсынамыз.

Айта кетейік, осы кеште қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов өнер көрсетті. Ол UFC-дегі дебюттік кездесуінде 24 жастағы бразилиялық спортшы Раулиан Пайваға төрешілердің шешімімен есе жіберді.

Фото Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images