Абу-Дабидегі (БАӘ) Яс аралында UFC 251 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде нигериялық Камару Усман мен америкалық Хорхе Масвидаль кездесті.

Бұл кездесуде жартылай орта салмақ дәрежесіндегі чемпиондық атақ сарапқа салынды. Чемпиондық белбеу иегері Усман Масвидальді жеңіп, чемпиондық атағып қорғап қалды. Есеп – 50:45, 50:45, 49:46.

Масвидаль UFC 251 турниріне бір апта ғана қалғанда Усманға қарсылас ретінде таңдалғанымен, бүгін толық бес раунд бойы жоғары деңгейде өнер көрсетті. Усман оған айқын басымдылық таныта алған жоқ.

Айта кетейік, осы кеште қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов өнер көрсетті. Ол UFC-дегі дебюттік кездесуінде 24 жастағы бразилиялық спортшы Раулиан Пайваға төрешілердің шешімімен есе жіберді.

Төрешілердің түсініксіз шешімі: Жұмағұлов жеңіліп қалдыРесейлік спортшы UFC чемпионы атандыUFC 251: Бастапқы кардта өткен жекпе-жектердің нәтижелері