Италияның OASport.it басылымы «Волалто Казерта» командасы сапына жаңадан қосылған қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованы жанкүйерлерге таныстырды.

– Сабина Алтынбекова волейболдан әйелдер арасында Италия чемпионатына ауысты. Бұл қызды білмейтіндерге: ол әлемнің ең сұлу волейболшысы саналады. Қазақстандық волейболшы «Волалто Казерта» командасының ойыншысы атанды.

Бойжеткенге Instagram желісінде 1 миллион оқырман жазылған. Ол 19 жасқа дейінгі Азия чемпионатында сұлулығымен әлемді тамсандырды. Әрине, Сабина Алтынбекова жоғары деңгейлі ойыншы емес, дегенмен «Волалто Казерта» жарнамасы бола алады, - деп жазды басылым.

Қазақстандық волейболшы жаңа клубымен екі жылдық келісімшартқа отырған. Алдағы маусымда «Волалто Казерта» Италияның ең жоғарғы әйелдер лигасы – А1 Сериясында бақ сынайды. Былтыр клуб соңғы 14 орын алғанына қарамастан коронавирус кесірінен чемпионаттың ерте тоқтауына байланысты жоғары лигадағы орнын сақтап қалды.

Қазақстандық волейболшы «Әл-Васл» командасының сапына желтоқсан айында қосылып, жарты жылға жуық уақыт ойнады.

Айта кетейік, 23 жастағы волейболшы өткен маусымда «Әл-Васл» командасының сапына желтоқсан айында қосылып, жарты жылға жуық уақыт ойнады. Одан бөлек 2015 жылы Жапонияның екінші лигасында бақ сынайтын «CSS Sunbeam» командасының сапында ойнады. Ал Қазақстанда «Алматы» клубында өнер көрсеткен.