Алматы облысының регби командасы тамыз айында Талдықорғанда жоспарланған Қазақстан біріншілігіне қатысады. Жетісулық жігіттер былтыр ел чемпионатында қарсыластарын түгел жеңіп, жеңімпаз атанды. Ал қыздар құрамасы күміспен күптелді, - деп хабарлайды Prosport.kz тілшісі.

«Олимп» регби ерлер клубының ойыншылары бір ай бойы ашық спорт алаңдарында жаттықты.Негізгінен командалық жүйемен түрлі әдіс-тәсілдерді орындап, шеберліктерін арттырды. Қазір спортшылар карантин ережесіне сай жеке-жеке дайындыққа көшкен. Мақсат айқын. Ел біріншілігінде топ жарып, күз айында болатын Азия чемпионатында жүлдегер атану. Айта кетейік клуб ойыншыларының 80 пайызы ел құрамасын жасақтайды.

Тұратбек Шарапиев