«Қайрат» пен «Астананың» бұрынғы ойыншысы Джордже Деспотович Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін.

Джордже Деспотовичтің «Оренбургпен» келісімшартының мерзімі маусым айында аяқталған. Көктемде сербиялық футболшыға ЦСКА мен «Ростов» қызығушылық танытқан.

Түркияның Milliyet басылымының мәліметінше, Джордже Дестпотович жақында «Трабзонспор» командасына ауысуы мүмкін. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Деспотович Қазақстанда «Жетісу», «Тобыл», «Қайрат» және «Астана» командаларында ойнады

Алматылық команданың мүшесі ретінде Джордже ел кубогының иегері атанды, елордалық командамен бірге екі рет чемпионатты жеңіп алды, бір рет Қазақстан Кубогы мен Суперкубогына қол жеткізді.

2018 жылдан бастап Деспотович ресейлік «Орынборда» ойнап жүр. Transfermarkt мәліметінше, сербиялық шабуылшының нарықтық құны - 2 миллион еуро.