«Сарбаздар аралында» UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізетін Жалғас Жұмағұлов командасымен бірге екі күндік карантиннен соң коронавирустың бар-жоғын тексеретін тест тапсырды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Жалғас Жұмағұлов 11 шілдеде UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізеді. Жерлесіміздің атақты промоушен туы астындағы алғашқы қарсыласы - бразилиялық Раулиан Пайва.

Ресейлік инсайдер Игорь Лазориннің хабарлауынша, Жалғас Жұмағұловтан коронавирус табылған жоқ, сол себепті қазақстандық спортшы дайындық бөлмесіне жіберілді.

Қазақстандық ММА жанкүйерлері Жұмағұлов – Пайва жекпе-жекгін тікелей эфирде - Qazsport телеарнасында, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі сағат 03:55-те көре алады. Кештің басты жекпе-жегінде Камару Усман және Хорхе Масвидаль кездеседі.

Күні кеше белгілі болғандай, жартылай орта салмақта UFC рейтингінің көшін бастап тұрған Гилберт Бёрнс коронавирус жұқтырып, турнирге қатысудан бас тартқан. Енді оның орнына Хорхе Масвидаль мен Камар Усманға қарсы жұдырықтасады.

«Жалғастың аянып қалмайтынына сенімдімін»

Жұмағұлов UFC-дегі дебютінде қандай музыкамен шығады?