Қақпашы Павел Полуэктов мансабын «Алматы» хоккей клубында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен маусымда 28 жастағы ойыншы «Ақтөбе» сапында өнер көрсетті. Аталған командада ол 46 матчқа қатысты.

Бұған дейін ол «Алтай-Торпедо», «Торпедо», «Номад», «Снежных Барсов», «Бейбарыс» және «Барыс» командаларында ойнаған. Сондай-ақ, қақпашы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында төрт әлем чемпионатына қатысқан.