NHL Батыс конференциясындағы үздік клубтардың бірі «Сент-Луис Блюздің» бірнеше хоккейшісінен коронавирус табылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

St. Louis Post-Dispatch хабарлауынша, негізгі команданың төрт хоккейшісі мен бір бапкер COVID-19 жұқтырған. Бірақ спортшылардың аты-жөні аталмады. Команда жаттығуын тоқтатқан.

Айта кетейік, «Сент-Луис» - Стэнли кубогының қазіргі иегері.

NHL тұрақты чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталған болатын. Плэй-офф кезеңінің қашан басталатыны белгісіз.