«Ертіc» клубы IIHF Құрлықтық Кубогының 2020/21 жылғы маусымына қатысудан бас тартты.

Оның орнына Қазақстан атынан «Алтай Торпедо» командасы бақ сынайды. Өскеменнің командасы өткен жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алған.

Айта кетейік, Құрлықтық Кубоктың матчтары 16-18 қазан күндері өтеді. Қазақстандық ұжым Францияның «Амьен Готик» және Венгрияның «Ференцварош» командаларымен С тобына түсті.