Сербияның су добы бойынша ерлер командасының аға жаттықтырушысы Деян Савич коронавируспен ауырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

14 күндік карантиннен кейін 45 жастағы маманның сынағы теріс нәтиже көрсеткені айтылады.

Савич Сербия құрамасын 2012 жылдан бері жаттықтырып келеді. Содан бері маман команданы 2016 жылғы Олимпиада ойындары мен 2015 жылғы әлем кубогында, сонымен қатар үш Еуропа чемпионатында (2014, 2016, 2018) жеңіске жетеледі.