Ұлттық баскетбол қауымдастығы (НБА) коронавирусқа қарсы тест тапсырмаған ойыншылардың Орландоға келуіне тиым салды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы The Athletic журналисі Шэмс Чарания хабарлады.

Оның айтуынша, егер ойыншы тесттен өтпесе, онда Орландоға жекелей жол тартады. Жолға шығардан 1-2 күн бұрын ол коронавирусқа қарсы сынақ тапсыруы керек. Тест теріс нәтиже көрсетсе ғана, өз командасына қосылады.

Айта кетейік, НБА маусымы 22 клубтың қатысуымен 30 шілдеде Орландода қайта жалғасады