Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Хорхе Масвидаль UFC 251 турниріне қатысуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Ол аталған турнирде Гилберто Бернсты алмастырады деп жоспарланып отыр.

Файтердің менеджері Абрахам Каваның айтуынша, Масвидаль Камару Усманмен титулды жекпе-жек өткізуге толықтай дайын.

Айта кетейік, UFC 251 турнирі Абу-Дабидегі (БАӘ) Яс аралында өтеді.