ФИФА-ның технология бойынша директоры Йоханнес Хольцмюллер лайнсмендердің орнына роботтарды қолдануды ойластырып жатқанын айтты.

Арнайы үйретілген робот-төрешілер футболшының ойыннан тыс қалғанын автоматты түрде анықтай алады. Жаңа бастаманы 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионаты кезінде қолдану жоспарлануда.

– Жүйе футболшы ойыннан тыс қалған жағдайда автоматты түрде белгі береді. Бұл ойыншылар тарапынан келіспеушілікті жояды, - дейді Йоханнес Хольцмюллер.