Катардың «Әл-Садд» командасын жаттықтыратын Хави «Барселонаның» қазіргі бас бапкері қызметінен кетпейінше келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеді.

40 жастағы маман «Барселонамен» келіссөз жүргізсе қазіргі бас бапкері Энрике Сетьенге құрметсіздік танытанын айтқан.

Дегенмен Хавидің шешіміне «Барселонаның» бірнеше ойыншылары әсер еткен. Футболшылар оның каталондық клубқа келуін қолдаған.

Еске салайық, Хави «Барселона» ойыншысы ретінде 1998-2015 жылдар арасында ойнаған болатын