Қазақстандық Altay Athletics жеңіл атлетика клубы топтық жаттығулар мен оқу-жаттығу жиынын тоқтатты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб сайтына сілтеме жасап.

Бұл елімізде коронавирус жұқтырған науқастар саны артып, эпидемологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қабылданған шешім екен.

Altay Athletics клубының баспасөз қызметі атлеттердің жекелей және далада ғана жаттығатынын хабарлады.

Еске салайық, 5 шілдеден бастап Қазақстанда екі апта бойы карантин режимі күшейтіледі.