Әлемдегі ең үлкен марафондардың бірі Нью-Йорк марафоны өтпейді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК-қа сілтеме жасап.

Марафон World Marathon Majors сериясының бір бөлігі саналады. Ол 1 қарашада өтуі керек еді.

Оған коронавирус пандемиясы себеп болған. Ұйымдастырушылар жоғары деңгейлі марафонды пандемия жағдайында ұйымдастыру мүмкін емес дейді.

Еске салайық, Бостон, Берлин және Римдегі марафондар да бұған дейін өткізілген жоқ.