Ресей чемпионатының 25-турында қазақстандық Акмаль Бахтияров ойнайтын «Сочи» мәскеулік «Динамомен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 1:1 есебімен аяқталды. Екі гол да пенальтиден соғылды: 57-минутта «Динамо» форварды Николай Комличенко дәл тепсе, 92-минутта «Сочи» шабуылшысы Александр Кокорин мүлт кетпеді.

Акмаль Бахтияров бұл матчқа қатыспады. Себебі қазақстандық футболшы жарақатын емдеп жатыр.