Ресей чемпионатының 25-турында қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдиновтің командасы «Ростов» өз алаңында «Краснодармен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Ресей премьер-лигасының тарихына енді. Себебі ойын 111 минут 15 секундқа жалғасты.

«Краснодар» шабуылшысы Маркус Берг 13-минутта есеп ашқан. Ал негізгі уақытқа қосылған қосымша 11-минутта «Ростов» хавбегі Попов пенальтиден гол соғып, есепті теңестірді. Матч көбіне VAR-ды қарауға байланысты ұзаққа созылды.

Бұл матчта Зайнутдинов негізгі құрамда шығып, 87-минутта өз орнын әріптесіне босатты. 68-минутта футболшы маусымдағы төртінші сары қағазын алды - енді ол келесі турға қатыспайды.