Sportsnet басылымының мәліметінше, Ұлттық хоккей лигасындағы (NHL) ойыншылардың басым көпшілігі маусымның жалғасуына қарсы.

ҰХЛ-дағы ойыншылардың 75% маусымның жалғасқанын қаламайтын көрінеді. Хоккейшілер коронавирус жұқтырудан бөлек жаңа маусым алдында жарақат алып қалудан қорқатындарын жеткізген.

Айта кетейік, ҰХЛ маусымы бірден плей-офф сатысынан басталып, 24 команданың орнына 16 клуб ойнайды.