Ресейлік «Адмиралдың» хоккейшісі Александр Угольников Өскеменнің «Торпедо» командасына қосылды.

Қос тарап бір жылдық келісімшартқа отырды. 31 жастағы хоккейші ҚХЛ-да 241 матч өткізген.

Александр Угольников мансабында «Югра» (Ханты-Мансийск) және «Адмирал» (Владивосток) командаларында ойнаған.