«Барселона» футбол клубының бұрынғы бас бапкері Эрнесто Вальверде «Валенсияның» тізгінін ұстауы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Вальверде қазірдің өзінде Валенсия қаласынан үй іздестіріп жатқан көрінеді.

56 жастағы Вальверде 2012/13 жылғы маусымда «Валенсияны» алты ай бойы жаттықтырған.

Вальверде каталониялық клубтан 2020 жылдың қаңтарында кетті. Содан бері еш команданың тізгінін ұстаған жоқ.

Айта кетейік, «Валенсия» 32 матчта 46 ұпай жинап, турнирлік кетседе сегізінші сатыда тұр.