36 жастағы голландиялық жартылай қорғаушы Арьен Роббен футболдағы карьерасын қайта бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

28 маусымда футболшы «Гронингенмен» біржылдық келісімшартқа отырды. Роббен футболдағы алғашқы қадамын осы командада жасаған еді.

«Пайдамды алаңда тигізе аламын. Өз қалпыма оралуым үшін бірнеше қадам жасауым керек, бірақ бәрі өз жолымен келе жатыр», – деді Арьен.

Роббен 1996-2000 жылдар арасында «Гронингеннің» жастар құрамында ойнаған. Ал 2000-2002 жылдары негізгі команданың намысын қорғаған болатын.