ISU Skating Awards жүлдесіне үміткерлер тізімі белгілі болды.
Мәнерлеп сырғанаушылар арасындағы спорттық жүлде 11 шілде күні онлайн режимде өтеді.
Жүлдеге үміткерлер тізімі келесідей:
«Ең құнды мәнерлеп сырғанаушы»: Нэтан Чен (АҚШ), Юдзуру Ханю (Жапония), Габриэла Пападакис пен Гийом Сизерон (Франция).
«Үздік костюм»: Анна Щербакова (Ресей), Мэдисон Чок – Эван Бейтс (АҚШ), Юдзуру Ханю (Жапония). «Үздік бағдарлама»: Евгения Медведева (Ресей), Кевин Аймо (Франция), Габриэла Пападакис пен Гийом Сизерон (Франция).
«Жаңадан келген үздік мәнерлеп сырғанаушы»: Алена Косторная (Ресей), Александра Трусова (Ресей), Ю Ен (Оңтүстік Корея).
«Үздік хореограф»: Ше-Линн Бурн, Мари-Франс Дюбрей, Лори Николь.
«Үздік жаттықтырушы»: Этери Тутберидзе, Рафаэль Арутюнян, Брайан Орсер.
Айта кетерлігі, жеңімпаз атанған спортшыларды ISU Skating Awards жүлдесінің марапаттау рәсімінде жариялайды.
Комментарии