Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) 2020/21 жылғы маусымға арналған жарыс кестесін жариялады.

Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылғы әлем чемпионаты Швецияның Стокгольм қаласында өтеді деп жоспарлануда.

Алдын ала берілген мәлімет бойынша, әлемдік дода 22-28 наурыз аралығында ұйымдастырылуы мүмкін.

Ал Төрт құрлық турнирі 2021 жылдың 8-14 ақпаны аралығында Австралияның Сидней қаласында өтеді.

Айта кетелік, әлемдегі ахуалға байланысты турнирлердің өту мерзімі өзгертілуі мүмкін.