Алматы облысы дене-шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, грек-рим күресінен 2008 жылғы Бейжің Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы күрес федерациясы Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

- Грек-рим күресінен олимпиада жүлдегері, қазіргі таңда Алматы облысы дене-шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаевтың коронавирусқа тестілеуі оң нәтиже берді.

Қазір Нұрбақыт Теңізбаев Талдықорған қаласының ауруханаларының бірінде ем алуда, - делінген хабарламада.