Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Алматы облысындағы «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында (AIBA спорттық базасы деп те аталады) өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиындарын мерзімінен бұрын тоқтатты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Karimzhan Live Telegram-арнасында хабарланды.

Аталған ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, команданың 15 мүшесінен коронавирус инфекциясының белгілері анықталған. Бұл спортшылар оқу-жаттығу жиыны өткізілген базада оқшауланған. Спортшылардың аты аталмағанымен, олардан коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі табылғаны айтылады.

Сонымен қатар, Коронавирусқа тапсырған тесті терс нәтиже көрсеткен спортшылардың базадан кетіп, үйіне қайтуына рұқсат етілді.