Шайбa.kz мәліметіне сенсек, «Алматы» хоккей клубы шабуылшы Андрей Спиридоновпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Алматыға» Спиридонов «Ақтөбеден» ауысып келді. Онда хоккейші 60 матчта 51(15+36) ұпай жинады.

Ол сонымен қатар «Торпедо», «Барыс», «Астана», «Номад», «Бейбарыс», «Ертіс» және «Алтай-Торпедо» сияқты клубтарда ойнады.

Сондай-ақ, Андрей Спиридонов Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылды. Ұлттық құрамада сегіз әлем чемпионатында ойнады.