«Алматы» командасы «Барыстың» бұрынғы шабуылшысын қатарына қосты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызШайбa.kz мәліметіне сенсек, «Алматы» хоккей клубы шабуылшы Андрей Спиридоновпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Алматыға» Спиридонов «Ақтөбеден» ауысып келді. Онда хоккейші 60 матчта 51(15+36) ұпай жинады.
Ол сонымен қатар «Торпедо», «Барыс», «Астана», «Номад», «Бейбарыс», «Ертіс» және «Алтай-Торпедо» сияқты клубтарда ойнады.
Сондай-ақ, Андрей Спиридонов Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылды. Ұлттық құрамада сегіз әлем чемпионатында ойнады.