Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-де өңірден шыққан атақты спорт саңлақтарымен кездесті.

Жылы шырайда өткен кездесуде қатысушылар жамбылдық спортшылардың толағай жетістіктерін тілге тиек етіп, өңір спортын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Сондай-ақ болашақ жоспарларын бөлісті. Бердібек Сапарбаев чемпиондарға қажырлы еңбегімен өңіріміздің атын асқақтатып жүргені үшін алғыс айтты.