«Барыс» хоккей клубының сапына жаңадан шабуылшы қосылды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Швед ойыншысы Якоб Лильимен келісімшарт бойынша 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін бір кезең «Барыс» сапында ойнайды. Якоб бұған дейін «Коламбус» қатарында 37 ойын өткізіп, 5 (2+3) ұпай еншілеген.

Былтыр ол «Юргорден» сапында үздік бомбардир атанып үлгерген. Швеция біріншілігінде барлығы 52 ойынға қатысып, 37 (12+25) ұпай еншілеген.