Шабуылшы Кирилл Полоз өскемендік «Торпедо» клубынан кетіп, «Ижсталь» ойыншысы атанды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ресейлік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Уфа хоккей мектебінің 29 жастағы түлегі өткен маусымда қазақстандық клуб сапында 32 матчқа қатысып, 7 (3+4) ұпай жинады.

Сондай-ақ, хоккейші «Алтай Торпедо» командасында өнер көрсетті. Онда 15 ойынға қатысты.