«Астана» велокомандасы маусымда жарыс жолына шығатын үздіктерді анықтады.

Қазақстан чемпионы Алексей Луценко маусымды Италияда өтетін «Страде Бьянке», «Гран Триттико Ломбардо», «Милан-Турин» және «Милан-Сан Ремо» жарыстарына қатысады. Содан соң, Мигель Анхель Лопеспен бірге «Критериум дю Дофине» турнирінде бақ сынайды.

Луценко жылдың үздік Гранд-туры «Тур де Франс» велокөпкүндігінде сынға түсетінін де айта кеткен жөн.