Тректегі велоспорттан Қазақстан ұлттық командасы карантинге байланысты үзілістен соң жаттығу жиындарын бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жиын 15 маусым мен 1 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Оқу жаттығу жиынына төмендегі спортшылар шақырту алған: Артем Захаров, Ғабиден Азиз, Асылхан Тұрар, Жанерке Санақбаева, Дмитрий Потапенко, Сұлтанмұрат Миралиев, Игорь Юсифов, Сергей Пономарев, Александар Сафаров, Виктор Голов, Максим Налетов, Павел Воржев, Андрей Чугай, Дмитрий Резанов, Әлішер Жұмақан.

Бас бапкер - Владимир Бушанский.