Аяқсыз дүниеге келген қазақстандық Әли Тұрғанбеков Instagram желісіндегі парақшасына күрделі жаттығу жасағаны туралы видео жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әли футбол добын мойнында тепе-тең ұстап тұрып, бірнеше рет кеудесін жерден көтеріп, жаттығу жасады.

«Өмірге ғашық болыңыздар, алғыс айтыңыздар! Тырысыңыз, қолдан келетінді жасап көріңіз, салыңыз суға кетпесін және ең бастысы рахаттана демалыңыз. Міндетті түрде бір сілкіністің керегі анық!»,- деп жазды Әли видео астына.

Еске сала кетелік, Әли Тұрғанбеков биыл қыста Мадридке сапар шегіп, жергілікті «Реал» ойыншыларымен кездесті, ал хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модрич екеуі баспен допты 29 рет қақпақылдап, өзінің жеке рекордын орнатты.