Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин мен жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау білдірді, деп жазады Prosports.kz.

Илья Instagram желісінде, ал Баландин Facebook желісінде Тұңғыш Президентке мықты денсаулық тілеп, видеохабарлама жолдады.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, сізге мықты денсаулық тілейміз! Бұл ауруды тезірек жеңіп шығатыныңызға сенеміз! Біз сізбен біргеміз!», - деді Баландин.

Айта кетейік, кеше Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болды.