Алматы облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Нұрбақыт Теңізбаев облыс футболы жайлы айтты.

– Бұрын Алматы облысының қалаларында футбол клубтары болатын. Қаскелеңде «Сұңқар», Талғарда «Ақбұлақ» бар еді. Қазір тек талдықорғандық «Жетісу» қалды. Облыста басқа футбол клубтары бола ма?

– Болашақта мемлекеттік бюджет есебінен облыста футбол клубтарын ашу жоспарда жоқ. Себебі қазіргі таңда Алматы облысында мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыратын «Жетісу» кәсіпқой футбол клубы бар. Аталған клубтың жүйесінен үш команда Премьер – лига, Бірінші лига және жастар арасындағы ел біріншілігінде ойнайды. Егерде жеке кәсіпкерлер, демеушілер тарапынан жекеменшік футбол клубын ашу бойынша ұсыныс болса қарастырамыз, - деді Нұрбақыт Теңізбаев.

Сұхбаттың толық нұсқасы