Ағылшын премьер-лигасы COVID-19 пандемиясына байланысты ұзақ уақыт үзілістен соң қайта жанданды. 28-ші турдың кейінге қалған матчында «Астон Вилла» өз алаңында «Шеффилд Юнайтедпен» тең ойнады , деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кету керек, бірінші таймның соңында даулы эпизод болды. «Астон Вилла» қақпашысы Эрьян Нюланд доппен бірге қақпа сызығына құлаған, бірақ төреші голды санамады. Қонақтардың ойыншылары талап етсе де, төреші оларға доптың сызықтан аспағаны туралы хабарлама алмаған сағатты көрсетті.

«Шеффилд Юнайтед» 44 ұпай жинап, Англия Премьер-лигасының кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Астон Вилла (26) - 19 орында.