Германия чемпионатында 32-тур матчтары өтті. Дортмундтық «Боруссия» өз алаңында Майнцтан ұтылып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

33-минутта қонақтар есеп ашты. Джонатан Буркардт допты қақпаның алыс бұрышына бағыттап жіберді. 49-минутта Жан-Филипп Матета айып добын соқты - 2:0.

«Боруссия» 66 ұпай жинап, Бундеслиганың турнирлік кестесінде екінші орында тұр.

Басқа матчтардың нәтижелері:

«Байер» - «Кельн» - 3:1

«РБ Лейпциг» - «Фортуна» - 2:2

«Аугсбург» - «Хоффенхайм» - 1:3

33-тур 20-маусымда өтеді.