УЕФА 10 шілде күні Чемпиондар лигасының 1/4 финалдың жеребе тарту рәсімін өткізеді, деп хабарлайды L’Équipe басылымы.

Биыл Чемпиондар лигасы «сегіздің финалы» форматында аяқталады. Қазір келесі кезеңге өткен 4 команда белгілі. Олар: «Аталанта», «Атлетико», «ПСЖ» мен «РБ Лейпциг».

Өзге 4 команда 1/8 финалдың жауапты матчтары өткен соң анықталды. Ширек финалға шығу үшін «Ювентус» – «Лион», «Барселона» – «Наполи», «Манчестер Сити» – «Реал» мен «Бавария» – «Челси» командалары өзара бақ сынайды.