Аргентиналық футболшы Лионель Месси «Барселонамен» келісімшартының мерзімін ұзартады. Бұл туралы Mundo Deportivo хабарлайды, деп жазады Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, 32 жастағы футболшы каталондық клубпен 1+1 жүйесімен жаңа келісімшартқа отырады. Осылайша Месси «Барселонада» 2023 жылдың соңына дейін болады.

Мессидің «Барселонамен» қазіргі келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жарамды.