Жақында ғана «Жетісу-Б» командасының бас бапкері қызметінен кеткен Константин Горовенко «Шахтерді» жаттықтырады, деп жазады Prosports.kz.

Жаңа бас бапкер қарағандылық клубтың 16 маусымдағы жаттығуы кезінде таныстырылады.

42 жастағы Константин Горовенко «Қайрат», «Железнодорожник», «Алма-Ата», «Мегаспорт», «Астана» және «Сұңқар» командаларында ойнаған. Ал бапкер ретінде «Жетісу-Б» командасынан бұрын «Қайраттың» жастарын жаттықтырған.

Айта кетейік, «Шахтерді» осыған дейін украиналық маман Вячеслав Грозный жаттықтырды.

«Жетісу-Б» бас бапкерімен қоштасты