Америкалық файтер Instagram желісіндегі парақшасында UFC ұйымының екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы чемпионы Конор Макгрегорды жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Макнаггетс дүйсенбісі. UFC-ді тағы биікке көтерейік», — деп жазды Тони Фергюсон видео астына.

Еске сала кетелік, МакГрегор өткен аптада тағы да мәнсабының аяқталғанын жариялады.

Тони Фергюсон өзінің соңғы жекпе-жегінде Джастин Гэтжиден жеңілді.