11 шілдеде Абу-Дабидегі «Сарбаздар аралында» UFC 251 турнирінде бірден үш титулдық жекпе-жек өтеді. Бұл дода қазақстандық жанкүйерлері үшін де ерекше болмақ. Ақтөбелік файтер Жалғас Жұмағұлов UFC құрамында алғаш рет октагонға шықпақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы бастапқы кардта Бразилия өкілі Раулиан Пайвамен кездеседі.

Турнирдің басты жекпе-жегінде UFC жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша чемпионы Камару Усман Гилберт Бернспен жекпе-жекте өз титулын қорғайды.

Негізгі айқаста қазіргі жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Алекс Волкановски мен бұрынғы белбеу иегері Макс Холлоуэй кездеседі.

Турнирдің үшінші маңызды матчында ресейлік Петр Ян промоушнның бұрынғы чемпионы Жозе Алдумен титулға таласады.

Негізгі кардта UFC рейтингі бойынша үздік 15 тізіміндегі файтерлер болады.

UFC 251

Негізгі кард:

Камару Усман (чемпион) — Гилберт Бернс (UFC рейтингінде №1)

Александр Волкановски (чемпион) — Макс Холлоуэй

Петр Ян (№3) — Жозе Алду (№13)

Джессика Андраде (№1) — Роуз Намаюнас (№2)

Аманда Рибас (№15) — Пейдж Ванзант

Бастапқы кард:

Педро Муньос — Фрэнки Эдгар

Волкан Оздемир — Иржи Прохазка

Леонардо Сантос — Роман Богатов

Тай Туйваса — Ярис Данхо

Макван Амирхани — Дэнни Генри

Кэрол Роза — Ванесса Мело

Жалғас Жұмағұлов — Раулиан Пайва.